Ақынның жинаған мақал-мәтелдері

1, Бұрынғы күнім күн екен
    Сыбызғының үні екен

2. Жыланның уы басында
    Момынның қуы қасында

3. Қасқалдақтай қанатымен су шашып

4. Ботқадағы сөз боққа аспас

5. Кең киім кеңесіп тозады.

6. Жыланды іннен шығарған - тіл
    Мұсылманды діннен шығарған - тіл

7. Жақсыға берсең я қайтады, я айтады


8. Малыңды жоқ қылайын десең - пұл ет
    Бидайыңды жоқ қылайын десең - ұн ет

9. Тышқан ініне сыймайды
    Артына қалбыр байлайды

10. Ақылдының алдында жүр
      Ақылсыздың артында жүр

11. Естек естекке үйір
      Мәстек мәстекке үйір
      Қотыр атқа соқыр ат үйір

12. Ақ та болса, ант ішпе
      Айрандай сіңер бойыңа

13. Талайлымен таласпа

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Басты бет

                Пайымдаймын, мойындаймын, сен данасың, мен бала,                Ұлтына кім жақын, алыс, айқындайтын ел ғана.            ...