Әдеби сазды жыр кешінің сценарийі


"Көктемнің жазға ұласар жайсаң жаны"
 атты әдеби сазды жыр кешінде түсірілген суреттер







Т.Айбергенов атындағы орта мектебі



Көктемнің жазға ұласар жайсаң жаны
Төлеген Айбергенов
80 жыл



Өткізген:  А.Н.Төлегенова

2016 – 2017 оқу жылы



Т.Айбергенов атындағы орта мектебінің кітапханасында
атқарылған мәдени-көпшілік шарасының

ХАТТАМАСЫ

Миялы ауылы                                                                       4 наурыз  2017 жыл

         Шараның аты: «Көктемнің жаға ұласар жайсаң жаны» атты Төлеген Айбергеновтың 80 жылдық мерейтойына арналған әдеби-сазды жыр кеші
Шараның мақсаты: Қазақстан халқына танымал, мектебімізге есімі берілген, аяулы ақын Төлеген Айбергеновтың өмірі мен шығармашылығын толығырақ таныстырып, оқушыларға патриоттық тәрбие беру
Көрнекілік: «Ұлттық рухтың бұлбұлы» атты кітап көрмесі, көптеген слайдтар.
Ұйымдастырушы: Мектеп кітапханашысы А.Төлегенова және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Қаналы
Күн тәртібінде:
1.      Мерекенің салтанатты ашылуы (ақынға арнау, шашу шашу)
2.     Ақынның өмірі туралы баяндама және слайд
3.     Ақынның әңдері мен жырлары
4.     Оқушылардың  билері
5.     Аынның жары Үрниса Оспанқызының естеліктері
6.     М.Шахановтың ой маржандары
7.     «Ұлттық рухтың бұлбұлы» атты кітап көрмесіне шолу
8.     Келген қонақтарға сөз беру, сауал жолдау
9.     Кешті «Атамекен» әнімен аяқтау

Қорытынды:
Шара көзделген мақсатына жетті.
Келген қонақтар алғыстарын жеткізді.

Хаттама толтырған:            А.Н.Төлегенова



Армысыздар құрметті қонақтар, бармысыздар өлең сүйер қауым! Бүгін жерлес ақын Төлеген Айбергеновтың дүниеге келген күні. 1937 жылдың 8 наурызында жарық дүниенің есігін ашқан ақиық ақын 80 жасқа толып отыр. Осы үлкен мерейтойды мектебімізде атап өту біздің де парызымыз іспеттес. Олай болса «Көктемнің жазға ұласар жайсаң жаны» атты әдеби кешіне қош келдіңіздер. Ақынның кереметтей өлеңі бар
Бір тойым болатыны сөзсіз менің,
Дәл қай күні екенін айта алмаймын.
Бірақ... бірақ...
Ешкімді де қайтармаймын.
Қыз қуатын жігітке ат беремін,
Жанам деген жүрекке от беремін,
Мен әйтеуір бар жиған-тергенімді
Бір тамаша той қылып өткеремін.
Кім білсін талай түнгі тілегім ед,
Мәңгілік тарқамауы да мүмкін оның.
Бар жиған-тергенін ортаға салып, тамаша бір той қылып өткергенін өзінен басқа ешкім де аңғарған жоқты. Тіпті сол тойының қашан, қайда және қай күні болатынын да ақын ашып айта алмады. Солай десек те, ақынның өзі осынау өмірде болсын-болмасын, сол бір тамаша тойдың ерте ме, кеш пе, әйтеуір күндердің бір күнінде болатынын сезген сыңайлы.
Сол күннен бері әні міні дегенше, аңдатпай жүріп, арада елу жылдың қалай зымырап өте шыққанын бүгін көріп отырмыз. Ал өтілуге тиісті өз тойын осыдан елу жыл бұрын армандаған тұлпар мінезді, арғымақ ақын Айбергеновтың 80 жылдығына арналған әдеби кешімізді ашуға рұқсат етіңіздер.
Ақын Мұқатай Жылқайдаровтың ақынға арналған «Менің тойым болады» деп Төлегенге арналған өлеңін Айдынның орындауында тыңдасақ.
Бұл тойды қалайша шашусыз өткереміз. Солай емеспе. Шашу шашайық.
(Шашу шашып жатқанда ақынның сөзіне жазылған «Бір тойым бар» әні ойналып тұрады)
Ақынның өмірі туралы слайдқа зер салайық (Слайд жүріп тұрғанда ақынның өмірбаяны оқылады)
Дүниеге қарақалпақ жерінде келген Төлеген тал бесікте тербетіліп жатып-ақ, алыста қалған атажұртқа деген құтаймас сағыныш мұңына суарылған бесік жырымен көз ашты.
Өмірде мынау сағынбағандар
Бақытсыз, бақсыз талайсыз
Қазақтың жыры Абайсыз!
Сағыныш! Ақын соншама неге сағынышты ұлы сезімге балап сомдаған? Бұл жерде ол «Махаббатсыз дүние бос» деп түйген ұлы Абаймен үндеседі. Өмірге деген махаббат жалын кеудесін өртегендер ғана сағына алмақ.
Төлеген кейде шабыт қысқанда көкке парлай, самғай көтеріліп дүниенің тас төбесіне шығып алып, қиядан жүзіктей жұмыр жер, жалпақ әлемге назар салатын қыран көз, періште қанат ақын. Ол атажұрт  қазақ еліне қиырдан сағынып келді. Өле-өлгенше сол сағынышын баса алмай кетті.
Егер, ақынның ата-бабалары тоталитарлық тепкінге шыдамай, Ақтөбе жерінен Қарақалпақстанға жер аумағанда, балауса ақын атажұрттан алыста жүріп қалыптаспағанда жүрегін алыс атажұртқа деген құтаймас сағыныш сормағанда, кім біледі, мүмкін сағыныш туралы қазақ позиясының мәртебесін асырған осынау Төлеген толғаулары өмірге келер ме еді, келмес пе еді, кім білсін...
Төлеген лириасының ең басты қаһарманы – сағыныш. Ол оқушысымен әр кездескен сайын сөзін сағыныштан бастайды. Танымал әдебиеттанушы Сауытбек Абдрахманов былай деп өз ойын жеткізген: «Айбергенов талантының басты құдіреті Төлегеннің адамға, жақсылыққа ғашық жүрегінде, баршаны бірдей құшағына алуға дайын тұрған дархан жанында, тиген жерін күйдіріп кетердей «мөлдір дерті» - Сағынышында. Олай болса адамдарды осыншама сағына білген аяулы ақынды халқы да сағына береді.»
Ақынның сағынышқа толы өлеңін бізге оқып берем деп Ұлболсын келіп отыр екен. Ендеше мархабат, тыңдайық. Енді бұл өлеңнің әні де бар екен. Ән нұсқасын тыңдап көрелік.
Төлеген – өте сезімтал ақын. Оның жаны нәзіктік пен мейірімнен жаралған. Ол өмірге шаттанып келді де, сол жарқылдаған періште күйінде ағып түсті.
Мен туыппын қызғалдақты көктемде
Жеті қабат жерге шұғыла жеткенде
Қатал қыстың қабырғасы қақырап
Өзендерден сең бұзылып кеткенде деп ақын өзі жырлағандай ол қысқа  ғұмырында көктемдей нұрлы, көктемдей шуақты, көктемдей ерке ерекше жан болды. Оның осы бір тамаша мезгілге арнап жазған өлеңдері де жетерлік. Олай болса «Көктем жырларына» кезек берейік. Ортада бастауыш сынып оқушылары Шахназ, Ақбота, Аяла
Би қазақша
Енді бір сәт ақынның жары Үрнисаның айтқан естеліктеріне ойыссақ.
«Әкем сырқаттанып ауруханада жатты. Мен таңертең ерте тұрып әкеме баруым керек болатын. Бірақ аурухана алыста және ертемен көлік жүрмейтін және таңғы төрттерде қараңғы болатыны анық. Менің сенгенім- бірге оқитын жолдастырым, солардың бірі болмаса бірі қол ұшын созар деген ой. Содан жігіттерге жағдайымды айттым, бірақ ешкім барғысы келмеді. Сол кезде Төлеген жаныма келіп «мен сені ертіп барайын» дегені. Ұйқым келмей жатырған, бірақ сәлден кейін көзім ілініп кетіпті. Оның есікті шерткен дыбысынан ояндым. Сөйтіп ол мені әкеме апарған. Сонда есімнен кетпейтіні: «сен қалай ерте ояндың» дегенімде, «ұйықтатпасым ұйықтатпады» деп жымиды ол. Сөйтсем ол сол кезде түні бойы өлең жазады екен. Біз солай жақын танысып жақсы араласып кеттік. Студенттік шақтың қызығын да, қиыншылығын да бірге көріп, институтты бітіргеннен кейін екеуміз отбасын құрдық та, оның Қарақалпақстандағы туған ауылына аттандық. Біраз жылдан кейін анасын өзімізбен бірге алып Шымкент облысындағы Сарыағашқа келдік. Бізді досы журналист, жазушы Зәкір Асабаев қарсы алды. Сол досының арқасында Төлеген кешкі жастар орта мектебінің директоры, мен сол интернаттың аға тәрбиешісі, әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болдым. Біздің ол кезде үш бала сүйген кезіміз болатын. Төлегеннің аңсары Алматыға ауды да тұрды. Сөйтіп біз ақыры Алматыға көшіп келдік. Алғашында пәтер жалдадық, кейін қарызданып жүріп арзан бір бөлмелі үй сатып алдық. Біздің үйге келетін жас ақындар да, әйгілі Шәмші бастаған компазитор, әнші, журналисттер де күн демей түн демей жиналатын. Жаңа ән, жаңа өлең осы үйде үздіксіз шығып жататын».
Ақынның тағы біз білмейтін қыры домбыра шертіп, ән салатыны.
«Бірде Төлеген ойда жоқта «Үрниса, менің сен білмейтін тағы бір өнерім бар. Шіркін домбыра жоқ, домбыра болса, ән салар едім. Ауылда Бағымбай деген жырау інім бар, содан үйреніп едім» деді. Таңданып қалдым, артынша оған домбыра алып бергім келді. Бұл ойымды тетелес інім Бөрібекке айттым. Ол маған айтпай өз стипендиясынан төлеп домбыра жасатыпты. Оны татар шалы  он жыл бойы суда жатқан өрік ағашынан жасаған екен. Сол ұлттық аспабты жиналған кештер мен тойларға тастамай алып баратын. Үнсіз сөйлемей отырғанда  Төлеген ән бастап, бәрін көңілдендіретін. Ол сол домбыраны он бір жыл ұстады. Тек өзі қайтыс болатын жылы сол домбыраны абайсызда сындырып алдық» деп еске алады Үрниса Оспанқызы.
Енді жарының естеліктерінен кейін ақынның сөзіне жазылған, бәрімізге жақсы таныс «Ақ ерке – ақ Жайық» әнін осы жерде отырған баршамыз қосылып орындасақ.  Кейін ақын Ақұштап Бақтыгереевамен танысқан сәттеріне тоқталатын боламыз.
Ән «Ақ ерке – ақ Жайық»  (караоке қосылады, көрермен бірге ән салады)
         1965 жыл. Менің Төлегенмен алғашқы кездескен кезім. Бір күні мектептен қайтар жолдағы бұрылыста үлкен терек түбінде тасқа шығып алып бір ақын қазақша дауыстап өлең оқып тұр. Бірнеше жігіт қоршап алыпты. Жігіттер бізді көріп, қыздар келіңдер өлең тыңдаймыз, Қарақалпақстаннан келген мықты ақын деді. Ол кезде қыздар келіңіз дегенге оңай бұрылмайтын, бізде солай кетіп бара жаттық. Біздің бұрылмай кеткеніміз Төлегеннің намысына тисе керек. Содан бір концертте  ол өзінің сағыныш жайлы өлеңін оқыды. Кейін домбыра алып бір-екі шумақ әнді айтты. Қыздар шу ете қалды.
Маған жауап бер дейді. Мен жауап бердім. Бәрі мәз болды. Ауызекі айтысқа жоқ Төлеген бұрылып шығып кетті. Кейін маған айтқан бір-екі шумағы көлемдірек жазылып, кітабына енді.
         1967 жыл. Менің Төлегенмен соңғы кездескен кезім. Бір топ ақын Қарақалпаққа кеткелі жатыр екен. Редакцияға келіп Төлеген перзентханада жатқан келіншегі Үрнисаға телефон шалды. Тас бұйра қара шашы шашылып кеткен. Егіз қызым бар, туған жерге кетіп барам, қуанышым кеудеме сыймай тұр  деп ентіге сөйлеп шығып кетті. Ол сол сапардан оралған жоқ. Үрниса Хұсни-Хорланын құшақтап перзентханада қала берді.
         Көлемдірек жазылып кітабына енген сол өлеңді тыңдасақ.                          «Төлеген Айбергенов А-ға»,  «Ақұштап Бақтыгереева Төлегенге»
Тағыда Үрниса Оспанқызының естеліктеріне оралсақ
«Дүние саларынан екі-үш ай бұрын түнде ұйықтап жатқан жерімнен оятып алып өлең оқыды. Түріне қарасам онда ұйқының нышаны да жоқ. Маған мұнысы әуелі ұнаған жоқ. Бірақ біртіндеп менің де ұйқым шайдай ашылды.  Жазғаны 174 шумақтан тұрантын поэма екен. Басынан аяғына дейін жатқа оқыды. Өлеңді қағазға түсіріп алайық деп едім, артын әзілге айналдырып жіберді. Кейін мен тыңдаған сол поэма өзінің ішінде кетті.
Өмірінің  соңғы жылдарындағы бар арманы «Құмдағы мұнаралар» деп аталатын кітабын жарыққа шығару  болды. Жыл жоспарына енбей сызылып қалып, түкке зауқы соқпай, құлазып кетті. Ол жазғыз еді. Туған апалары да сүйеніш болудың орнына «Сен көз алдымызда жүрмей, Алматыға кетіп қалдың» деп кінәлайтын. Сол себептен бәрі оған бір күні «Жалғыздық» деген өлеңін жазғызды.»
Міне ақынның тағы бір өлеңінің шығу тарихын тыңдадыңыздар, енді осы өлеңдердің өзін тыңдасақ.
«Жалғыздық», «Апаларым», «Анама», «Ана», «Қызым менің»
Жер бетіндегі сапары небәрі 30-ақ жылға созылды. Поэзия аспанынан құйрықты жұлдыздай ағып өткен ақынның ғұмыры қамшының сабындай қаншалықты қысқа болғанымен, жырлары соншалықты өміршең болды. «Ақынның аты өлмейді», - дейді халқымыз. Шынайы талант – мәңгілік ғұмыр. Төлеген Айбергеновтың жырларын сүйіп оқитын, құрметтейтін оқырмандары жетерлік.
Ақын өзiнiң аз ғана ғұмырында, аз ғана өлең қалдырды. Аз өлең қалдырса да, әрбiр дүниесi iнжу-маржандай ерекше көркем. Ерекше болмаса, көрнектi қоғам қайраткерi, ақын Мұхтар Шаханов:
Бәйшешектің ғұмырындай тағдыр кешкен мәрт батыр,
Өлеңінде ешбір ғасыр өшіре алмас өрт жатыр
Намысыңды дәуіріңе еткізбедің қақпақыл.
Міне, содан, ұлтымызды рухсыздан күзетіп,
Сенің жырың шекарада әлі күнге сапта тұр.
Пайымдаймын, мойындаймын, сен -данасың, мен – бала,
Ұлтына кiм жақын, алыс, айқындайтын ел ғана.
Он том өлең жазғандарды кеттi ұмытып кең дала,
Бiрақ шағын он өлеңмен он миллион қазақты
Толғандырған, таң қалдырған Махамбет пен Сен ғана,” – деп жазбас едi. Ендеше ақын Шахановтың аузынан естісек. (Шахановтың айтылған сұхбатын слайдтан көрсету)
Таңқалдырған, толғандырған жырлары қолымыздағы мына кітаптарға жинақталды. «Ұлттық рухтың бұлбұлы» деп аталатын кітап көрмесін толығырақ таныстырып өтсем.
Төлеген ақынның өмірі мен поэзиясы туралы деректі фильмдер бар. Бірі кинорежиссер Доқтырхан Тұрлыбек, екіншісі ақтөбелік кәсіпкер Базаркелді Ертуған. Ақынның өлеңдерін жинақтап шығаруда ақынның қызы Салтанат Айбергенова атсалысуда. Ақын қайтыс болғаннан кейін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді. Ақынның аты көше, мектеп, гимназияларға берілді. Соның бірі біздің мектеп.
(Кітаптағы ақпаратты оқу. Т.Айбергнов есімі берілсе)
Келген қонақтарға сөз кезегін берсек
1. Т.Айбергенов болып өзгеруіне демеу болғандардың бірі ауылымыздың ардагер ұстазы Әлжан Құрманғали ағайға сауал жолдағымыз келіп отыр.
Ағай мектебіміздің атауын Айбергенов қылып өзгерту кезінде қандай қиындықтар кездесті, алғашқы болып ой тастаған кім?
2. Кежеғали ағай қоғамда әр түрлі пікірлер жүр,  ақынның туған жері Қоңырат болса, біздің елге қандай қатысы бар, не байланыстырады, неліктен осы есімді таңдады.
3. Ауылымыздың әкімі Мәнібаев Исатай Ауданбайұлы
Мектебіміздің аты Т.Айбергенов болып өзгеруі сізге қаншалықты көңіліңізден шықты? Ақынның мерейтойы аудан көлемінде тойлау да қолдау тауып отыр. Осының іске асуы қаншалықты рас.
4. Мектебіміздің директоры Берқайыр ағай сізге мынадай сауал қойғым келіп отыр.
Мектебіміздің есімі Төлеген Айбергенов болып өзгеруі сіз келгеннен кейін орын алған оқиға. Сіз не айтасыз?
2013  жылдың 11 желтоқсанында №399 қаулысымен Дияр орта мектебі Т.Айбергенов атындағы орта мектебі болсын деген ұсыныс енгізіледі.  Сол кездегі әкім Архимед Мұхамбетов республика ономастика комиссиясының қарауына жібереді. Жоғары жақтан шешім тапқаннан кейін Байғанин ауылдық әкімдігінің 2014 жылғы 31 желтоқсанындағы №276 қаулысы негізінде Дияр орта мектебі Т.Айбергенов атындағы орта мектебі болып өзгертілді.
Мектепке ақынның есімі қалай, неліктен берілгенін білген сияқтымыз, енді 80 жылдық мерейтойы аудан көлемінде тойлануына тілектеспіз.
Енді бір сәтке туған жерге, атамекеніне арналған өлеңдерді тыңдасақ. «Туған жер», «Ауылым».
Бүгінгі кешімізді ақынның сөзіне жазылған «Атамекен» әнімен аяқтасақ. 
«Атамекен» әні
Ақынның аудан көлемінде тойланатын мерейтойлық кешінде кездесуге жазсын! Қош сау болыңыздар!



Комментариев нет:

Отправить комментарий

Басты бет

                Пайымдаймын, мойындаймын, сен данасың, мен бала,                Ұлтына кім жақын, алыс, айқындайтын ел ғана.            ...