Ақын туралы лебіздер


     ...Айбергенов талантының басты құдіреті Төлегеннің адамға, жақсылыққа ғашық жүрегінде, баршаны бірдей құшағына алуға дайын тұрған дархан жанында, тиген жерін күйдіріп кетердей «мөлдір дерті» - Сағынышында. Олай болса адамдарды осыншама сағына білген аяулы ақынды халқы да сағына береді.
Сауытбек Абдрахманов
***

     Төлеген Айберенов - қазақ поэзиясында төңкеріс жасаған ақын. Бар-жоғы 30 жыл ғұмырында қазақ өлеңіне өзіндік екпінмен, айшықты мінез, тылсым сырға толы өлең қалдырған ақын. Абайдан бастау алатын қазақтың жазба поэзиясында он екі-он үш буындық ауыз әдебиетінің жыр үлгісіндегі поэзиялық туындылар қалдыруымен ерекшеленеді. Оның шынайы сезімі қазақ өлеңіне тау суындай ақтарыла төгілген асау бұлқыныс алып келді.
Елене Әбдіхалықова
***


     ... Амал барма, біз, қазақ әдебиеті, екі-үш дарыннан ерте айрылдық.Олар - Абдолла, Баубек, Төлеген.
                                                                                                              Ғабит Мүсірепов
***

     ... Біз поэзиямыздың тағы бір алтын тұтқасын аштық. Аштық та, Төлеген дүниесін көрдік,
Әбділда Тәжібаев
***

     Төлеген өмірінің де, ақындық шабының да "жиырма бесінде" қайтыс болды. Оның өлеңдері халқына, ұрпақтарға рухани күш һәм ләззат беріп жасайды.
Ыбырайым Юсупов
***

     ... Төлеген, сөз жоқ, талант. Дара талант, сара талант... Т.Айбергенов творчествосы - өлімді жеңіп шыққан өмір шаттығының жыры.
Әбіш Кекілбаев
***

     ... Әртүрлі гүлзарларымен, даланың самалымен, жусанның иісі, таудың бұлағымен - өзімен өзі тыныш жатқан поэзиясының қалғымалы тірлігіне кенет көтерілген мұхиттың жалжал толқындарындай ағысты екпінмен әсер еткен Айбергенов поэзиясы қазақ өлеңінің өресін биікке көтереді.
Фариза Оңғарсынова
***

     ... Меніңше, Төлегеннің нағыз ақындық дарынын танытқан кезі "Маңғыстау саздары" деп аталатын жырларын жазған тұсы тәрізді. "Сырласу", "Шевченко - мұнай ордасы", "Ей, менің ақын бауырым" деген романтикалық пафосқа толы өлеңдердің әрқайсысы қазіргі қазақ поэзиясының ең таңдаулы нұсқалары десек, асырып айтқан болмас еді.

Қуандық Шаңғытбаев

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Басты бет

                Пайымдаймын, мойындаймын, сен данасың, мен бала,                Ұлтына кім жақын, алыс, айқындайтын ел ғана.            ...